Accessibility links

Канада Ресей әскери ұшақтарының ісін "арандатуға" балады


Armenia - A Russian MiG-29 fighter jet takes off from a military airport in Yerevan, 14Mar2014.

Armenia - A Russian MiG-29 fighter jet takes off from a military airport in Yerevan, 14Mar2014.

Канада қорғаныс министрі Роб Никольсон ресейлік әскери ұшақтардың Қара теңіздегі әскери жаттығуларға қатысып жатқан канадалық фрегаттың үстінен айналып ұшып өтуін «арандатушылық әрекет» деп атады.

Ресейлік үш әскери ұшақ 7 қыркүйекте Қара теңіздің Украина жағалауларына жақын тұсында әскери жаттығуларға қатысып жатқан канадалық фрегаттың үстінен төмен биіктікте айналып ұшып өткен.

Министр бұл оқиға тікелей қауіп төндірмесе де, аймақтағы күрделі ахуалды одан ары шиеленістіре түседі дейді.

«Канада мен оның одақтастарының теңіздегі жаттығуларға қатысу қажеттігі Владимир Путин режимінің әскери басқыншылығынан туындап отыр» деген Канада қорғаныс министрі.

XS
SM
MD
LG