Accessibility links

Мәскеу соты: «Голос» ұйымы «шетел агенті» емес


Ресейлік "Голос" ұйымының жетекшісі Григорий Мельконьянц.

Ресейлік "Голос" ұйымының жетекшісі Григорий Мельконьянц.

Ресейде сайлауға мониторинг жасайтын «Голос» тәуелсіз ұйымының басшысы Григорий Мельконьянц биліктің бұл ұйым «шетел агенті» ретінде тіркелуі тиіс деген шешімін Мәскеу соты жойғанын хабарлады.

Мельконьянцтің айтуынша, 8 қыркүйекте сот Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Элла Памфилованың әділет министрлігінің маусым айындағы «Голос» ұйымын «шетел агенті» тізіміне қосу шешімін қайта қарау туралы шағымын қарап, қанағаттандырған.

Мельконьянц әділет министрлігі енді «Голос» ұйымын «шетел агенті» деген «қара тізімнен» шығаруы қажет және кезінде «шетел агенті» ретінде тіркелмегені үшін ұйымға салынған айыппұл да жойылуы тиіс дейді.

Әділет министрлігі маусым айында «Голос» ұйымын шетелден қаржы алатын 11 ұйымның қатарына қосқан еді.

«Голос» ұйымы 2000 жылы ресейліктердің сайлау құқықтарын қорғау үшін құрылған.


XS
SM
MD
LG