Accessibility links

Порошенко Мариупольге келді


Порошенко Мариупольге келді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00
Жүктеп алу

Украина президенті Петр Порошенко үкімет әскері ресейлік сепаратистерден босатқан Мариуполь қаласына келді. Ол қаладағы кәсіпорындар жұмыскерлерімен кездесуде жақында бітім туралы жарияланғаннан кейін сепаратистердің тұтқында ұстап келген 1200 адамды Киевке бергенін жеткізді. Қала жұртшылығымен кездесуде Порошенко «атысты тоқтату туралы келісімді опасыздықпен бұзу» қаупі барын ескертіп, ондайға даяр болу үшін Мариупольдің айналасына қорғаныс салу керектігін айтқан. Сонымен бірге Порошенко Украина қарулы күштері соғысуға дайын екендігін, бірақ саяси диалог орнатуға барынша күш-жігер жұмсау қажеттігін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG