Accessibility links

Чили метродағы жарылысты террористерден көрді


Чили президенті Мишель Бачелет.

Чили президенті Мишель Бачелет.

Чили үкіметі ел астанасы Сантьяго қаласының метросы маңында болған жарылысты "террористер ұйымдастырды" деп мәлімдеді. 8 қыркүйек күні түс уақытында метро станцияларының бірінің маңында жарылыс болып, 14 адам жараланған.

Чили үкіметінің баспасөз хатшысы Альваро Элизалде жарылыс жайлы "Бұл - террористік акт екеніне барлық дәлелі бар оқиға" деп мәлімдеді.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ, ресми орындар да қандай да бір топты жарылысқа күдікті ретінде атамады. Чили президенті Мишель Бачелет жарылысты "халыққа қастық ойлап, қауіп тудырғысы келген, тіпті бейбіт тұрғындарды қырғысы келген қорқаулар жасаған" деп мәлімдеді.

8 қыркүйектегі жарылысқа дейін биыл Сантьягода 29 бомба табылған. Олардың ешқайсысы тұрғындарға зардап келтірген жоқ.

XS
SM
MD
LG