Accessibility links

ҚМДБ кеңсесі Астанаға көшпек


Алматыдағы орталық мешіт. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы орталық мешіт. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) аппаратының негізгі құрамы Алматыдан Астанаға көшетін болды. Діни басқарма баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайлы шешім бас мүфтий Ерлан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен жиында қабылданған.

«Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аппаратының негізгі құрамын Астанаға көшіруіміз қажет. Бұл - Діни басқарма үшін маңызды қадам. Астанада жұмыс қарқынын күшейтеміз» деген бас мүфтий.

Ерлан қажы Малғажыұлының айтуынша, мүфтияттың Алматыдағы кеңсесінде де жұмыс жүре береді.

«Мәдени, әдеби, діни ошағымыз - Алматы әрқашан мүфтият үшін маңызды. Осындағы ғимаратта да жұмыс істейтін боламыз» деген ол.

XS
SM
MD
LG