Accessibility links

Украинада бітім жасалғалы 4 сарбаз оққа ұшқан


Донецк облысының Авдеевка қаласында блокпостты күзетіп тұрған украиналық сарбаз. 8 қыркүйек 2014 жыл.
Донецк облысының Авдеевка қаласында блокпостты күзетіп тұрған украиналық сарбаз. 8 қыркүйек 2014 жыл.

Донецкіде өткен түні украин әскері мен сепаратистер арасында атыс қайта жалғасты. Донецк қалалық кеңесінің сайтында хабарланғандай, атыстан бір әйел жараланып, мектеп пен бірнеше үй бүлінген.

Әскери-саяси зерттеулер институтының жетекшісі Дмитрий Тымчуктың хабарлауынша, сепаратистер украин әскерилерінің Донецк әуежайы территориясындағы, Донецк облысының Докучаевск, Дебальцево қалалары мен Родниковое және Тоненькое елді мекендеріндегі позицияларын «Град» қондырғысымен атқылаған.

Украинаның шығысында бітім жарияланғаннан бері төрт украиналық сарбаз қаза тауып, 29-ы жараланған. Украиналық әскери-медицина басқармасының жетекшісі Виталий Андронатийдің айтуынша, Донбасста қақтығыстар басталғалы бері барлығы екі жарым мың сарбаз жараланған. Олардың мыңнан астамы ауруханада жатыр.

Сепаратистер де украин әскерилерінің бітім шартын бұзып отырғанын мәлімдейді. Сепаратистер штабында Донецк мен Луганск облыстарында украиналық әскери бөлімдердің шоғырландырылып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG