Accessibility links

Обама исламшыл содырлармен күрес жайын айтады


АҚШ президенті Барак Обама. Уэльс, Ұлыбритания, 5 қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Уэльс, Ұлыбритания, 5 қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ирак пен Сирия территориясында әрекет ететін террористік "Ислам мемлекеті" тобына қарсы күш қолдану үшін өзіне Конгресстің арнайы санкциясы қажет емес деп санайды. Бұл туралы Ақ үйдің 9 қыркүйекте Обаманың АҚШ Конгрессі жетекшілерімен өткен жиын қорытындысы бойынша таратқан мәлімдемесінде айтылған.

Обама бұған қоса Конгресстің террористермен күрес шараларын бірлесе іске асыратын іс-қимыл танытқанын құп көретінін айтқан. Бүгін ол телеарнадан сөйлеп, өзінің "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес стратегиясын америкалықтарға таныстырмақ.

АҚШ президенті террорлық ұйыммен күрестегі өзге шаралардан бөлек, Ирактағы террористердің позицияларына әуе соққысын күшейту жоспарын да жариялайды деген болжам бар. Бірақ Сирия территориясында да белсенді әрекет ететін "Ислам мемлекеті" содырларына әуе соққысын жасауды Барак Обаманың қолдайтыны, я қолдамайтыны белгісіз.

9 қыркүйекте The Washington Post басылымы мен ABC телекомпаниясы таратқан қоғамдық сауалнама нәтижесі бойынша, Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымына әуе соққыларын жасауды америкалықтардың 71 пайызы, ал бұл ұйымның Сириядағы содырларына қарсы соққы беруді - 66 пайызы қолдайды.

XS
SM
MD
LG