Accessibility links

Алматыда камерундық екі азамат сотталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматы қаласында "клиенттеріне жалған АҚШ долларын жасап беруге уәде етіп, алаяқтық жолмен бөтеннің ақшасын сіңіріп кетпек болған" деген айып тағылған Камерунның екі азаматы алты жылға сотталды.

Алматы қалалық сотының 10 қыркүйекте хабарлауынша, Бостандық ауданы 2-соты Камерун елінің азаматтары - 1981 жылы туған Нгуну Пафе мен 1978 жылы туған Нангу Семплисті Қазақстан қылмыстық кодексі 24-бабының 3-тармағы ("қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу") және 177-бабының 4-тармағы ("алаяқтық") бойынша айыпты деп тауып, әрқайсысын алты жыл мерзімге бас еркіндігінен айыруға үкім шығарған.

Тергеу деректері бойынша, камерундықтар Қазақстанға бір реттік визамен келіп, өздерін турист-бизнесмен ретінде таныстырып, Қазақстан азаматтарына жалған АҚШ долларын жасап беруге уәде етіп, олардың ақшасын сіңіріп кетуді жоспарлаған.

3 қыркүйек күні шығарылған үкім әлі күшіне енбеген.

XS
SM
MD
LG