Accessibility links

Украина Донбассқа "ерекше мәртебе" беруді қарастырмақ


Донецкіде жүрген ресейшіл сепаратистер. 8 қыркүйек 2014 жыл.
Донецкіде жүрген ресейшіл сепаратистер. 8 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Украина президенті Петр Порошенко келесі аптада Донецк мен Луганск облыстарының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді.

Жоғарғы Рада жиынында сөйлеген Порошенко заң жобасы "аталған территорияларды Украинаның қоластына бейбіт түрде қайтарылуын" қамтамасыз ететінін айтты. Ол өткен аптада ресейшіл сепаратистермен қол қойылған бітім Украинаны "қазіргі күйіндегі шекарасы бар, егеменді, біртұтас мемлекет" ретінде сақтап қалатынын айтты.

Порошенко украин әскері мен сепаратистер арасындағы атысты тоқтату туралы бітімнің орындалуы оңай болмай тұрғанын айтып, сепаратистерді "қарсыластарын үнемі арандатуға тырысады" деп айыптады. Ол елдің шығысында украин әскері жаңа шабуылдар бастау үшін емес, қорғанысты күшейту үшін ғана шоғырландырылып жатқанын да ескертті.

Украина президенті қақтығыс жүріп жатқан аймақтармен шектесетін аудандарда "ерекше режим" орнатылатынын да жоққа шығармады.

5 қыркүйекте Минскіде Украина, Ресей, ЕҚЫҰ және ресейшіл сепаратистер өкілдерінің кездесуінде қол қойылған келісімде қазір сепаратистер бақылауында тұрған Донбасс аймағына "ерекше мәртебе" беру туралы айтылған.

XS
SM
MD
LG