Accessibility links

Грузия Украинаға гуманитарлық көмек жібермек


Грузия қорғаныс министрі Ираклий Аласания.

Грузия қорғаныс министрі Ираклий Аласания.

Грузия Украинаға гуманитарлық көмектің бір парасы ретінде әскери шлемдер мен беренді кеудешелер жөнелтуге дайындалып жатыр.

Грузияның еңбек, денсаулық және әлеуметтік қорғау министрі Давит Сергеенконың айтуынша, үкімет 10 қыркүйекте Украинаға гуманитарлық жүкті жеткізу жөнінде транспорттық компаниялармен келісіп қойған.

Грузия қорғаныс министрі Ираклий Аласаний "Рустави-2" телеарнасына гуманитарлық көмектің арасында әскери шлемдер мен бронежилеттер барын да айтты. Аласания бұған қоса Грузия ауруханалары Украинаның оңтүстік-шығысында ресейшіл сепаратистермен соғыста жараланған украин сарбаздарын емдеуге дайын екенін де хабарлады.

2008 жылы тамыз айында Грузия күштері Мәскеудің қолдауына ие жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияға бақылауды қайта алмақ болғанда Ресей аймаққа әскерін кіргізіп, Грузия жасақтарына тойтарыс берген. Содан бері Ресей Грузияның екі жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия және Абхазиямен байланысын күшейтіп келеді. Мәскеу бұл аймақтарды тәуелсіз ел ретінде мойындайды.

XS
SM
MD
LG