Accessibility links

АҚШ "Ислам мемлекетіне" қарсы стратегиясын жариялады


АҚШ президенті Барак Обама америкалықтарға арнап сөз сөйлеп тұр. Вашингтон, 10 қыркүйек 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама америкалықтарға арнап сөз сөйлеп тұр. Вашингтон, 10 қыркүйек 2014 жыл.

10 қыркүйекте телеарнадан америкалықтарға арнайы сөзінде АҚШ президенті Барак Обама радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес стратегиясын жариялады.

Обама АҚШ ұзақ мерзімдік антитеррористік стратегия арқылы "Ислам мемлекетін" жоятын коалицияны басқаратынын хабарлады. Антитеррористік стратегияға Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" содырларының позицияларына әуеден соққы беру, Ирак армиясына, күрд жасақтары мен Сирия оппозициясына берілетін көмекті ұлғайту, ұйымды қаржыландыратын бұлақтарды жабу және террористік ұйымнан зардап шеккен бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек беру шаралары кіреді.

АҚШ президенті "Ислам мемлекетімен" күресте Вашингтонға гуманитарлық операцияларға араласып, Ирак пен Сириядағы исламшыларға қарсыластарына басқа да көмек көрсетіп жүрген Еуропа мен Таяу Шығыстағы елдер одақтасатынын мәлімдеді.

Барак Обама бұған қоса америкалықтарды "Ислам мемлекетіне" қарсы стратегия АҚШ-тың кезіндегі Ирак пен Ауғанстандағы кампанияларынан түбегейлі өзгеше болатынына сендірді. Америкалық әскерилер құрлықтағы әскери операцияларға қатыспайды. АҚШ-тың миссиясы тек радикалдық ұйымға әуеден соққы жасап, онымен күресіп жатқандарға көмек берумен шектеледі.

XS
SM
MD
LG