Accessibility links

"Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі Жерге оралды


Ресейлік "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесінің ұшырылған сәті. Байқоңыр, 26 наурыз 2014 жыл.

Ресейлік "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесінің ұшырылған сәті. Байқоңыр, 26 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Астана уақытымен 8 сағат 23 минутта Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148 километр қашықтықта халықаралық ғарыш станциясынан үш ғарышкерді алып қайтқан "Союз ТМА-12М" транспорттық кемесінің аппараты жерге қонды.

Ресей федералдық ғарыш агенттігіне қарасты ұшыруды басқару орталығының хабарлауынша, "Союз ТМА-12М" кемесімен ұшырылған ресейлік ғарышкерлер - Александр Скворцов, Олег Артемьев пен NASA астронавты Стивен Суонсон ғарышта 169 тәуліктен астам уақыт болған.

XS
SM
MD
LG