Accessibility links

Теміртауда биыл 123 адамға ВИЧ жұққан


ВИЧ дертіне шалдыққан бүлдіршін СПИД-ке қарсы күрес белгісінің суретін салып отыр. (Көрнекі сурет)

ВИЧ дертіне шалдыққан бүлдіршін СПИД-ке қарсы күрес белгісінің суретін салып отыр. (Көрнекі сурет)

Теміртауда биыл жыл басынан бері жаңадан 123 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған деп хабарлайды BNews сайты.

Қалалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Ольга Бурдикова қалада ВИЧ инфекциясына қатысты жағдай бұрынғысынша күрделі күйінде қалып отырғанын айтқан.

«Биыл ВИЧ жұқтырғандардың 60.8 пайызы жұмыс істемейтін тұрғындар екені анықталды. Бұрын көбінесе есірткі қолданатындардан табылып жататын инфекцияны қазір ауқатты адамдар да жұқтырып жатыр» деген Бурдикова.

Былтыр ВИЧ жұқтырғандардың 44.4 пайызы ерлер болса, бұл көрсеткіш биыл 55.7 пайызға жеткен. ВИЧ жұқтырғандардың 59.8 пайызын 20 мен 39 жас аралығындағы адамдар құрайды.

XS
SM
MD
LG