Accessibility links

Қырғызстан: Сирияға кеткен бес азамат қаза тапты


Сирияда соғысып жүрген, түрлері ортаазиялықтарға ұқсас адамдар. (Syria news сайтының Facebook парағында жарияланған сурет)
Сирияда соғысып жүрген, түрлері ортаазиялықтарға ұқсас адамдар. (Syria news сайтының Facebook парағында жарияланған сурет)

Сирияға соғысқа кеткен Қырғызстанның бес азаматы қаза тапқан деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз хатшысы Рахат Сулаймановтың айтуынша, расталған ресми мәліметтерге сай, қазір Сириядағы соғыс қимылдарына 90-нан аса қырғызстандықтар қатысып жатыр.

"Олардың арасында әйелдер де бар. Түркияның арнайы қызметімен бірлесіп екі әйелді Қырғызстанға қайтардық. Ол екеуі психологиялық оңалтудан өткен, қазір туыстарының жанында" дейді Рахат Сулайманов.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, Сирияға соғысқа кеткендердің кейбірі ол елге "өз ұстанымдарын басшылыққа алып", кейбірі "экстремистерге алданып" барған. Арнайы қызмет экстремистік топтар тұрғындарды "оқуға, я жұмысқа апарамыз деп Сирияға әкетеді" дейді.

XS
SM
MD
LG