Accessibility links

Қаза тапқан шекарашылар туыстары шағымы қарала бастады


"Арқанкерген" шекара бекетінде қаза тапқан шекарашылардың туыстары сот залында. Алматы, 5 ақпан 2013 жыл.
"Арқанкерген" шекара бекетінде қаза тапқан шекарашылардың туыстары сот залында. Алматы, 5 ақпан 2013 жыл.

"Астананың сарбаздар аналары комитеті" ұйымының төрайымы Людмила Костенкоға сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты "Астананың Сарыарқа аудандық сотында "Арқанкерген" шекара бекетінде қаза тапқан шекарашылар отбасыларының шағымы бойынша алғашқы сот отырысы өтті" деп хабарлайды.

Костенконың айтуынша, шағымданушылар қаржы министрлігінен ұлдарының қазасы үшін моральдық шығын ретінде әрқайсысы 20 миллион теңгеден төлеуді талап етеді.

2012 жылдың көктемінде Алматы облысында Қазақстан-Қытай шекарасында "Арқанкерген" шекара бекеті өртеніп, оның орнынан 14 шекарашы мен бір қорықшының денесі табылған. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах "шекарашыларды өлтірді" деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

XS
SM
MD
LG