Accessibility links

Назарбаев Тәжікстан президентімен кездесті


"11 қыркүйек күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті" деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында президенттер екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени, гуманитарлық ынтымақтастық мәселерін талқылаған.

Назарбаев "Тәжікстанның Қазақстанның маңызды серіктесі екенін және Қазақстан бұл елге қолдау көрсетуге әзір екенін" айтқан.

11 қыркүйек күні Душанбеде басталған ШЫҰ саммиті бүгін аяқталуы тиіс. Бұған дейін ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков Путин 12 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездеседі деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG