Accessibility links

ЦРУ: "Ислам мемлекеті" ұйымының 20-30 мыңдай содыры бар


"Ислам мемлекеті" ұйымының сарбаздары.
"Ислам мемлекеті" ұйымының сарбаздары.

АҚШ-тың орталық барлау басқармасы (ЦРУ) "Сирия мен Иракта, радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының сапында соғысып жатқан содырлар саны 20-30 мың адам болуы мүмкін" деген болжам жасады.

ЦРУ-дың баспасөз хатшысы Райан Трапани "Ислам мемлекеті" ұйымы мүшелерінің көбеюін "маусым айындағы ұрыстарда ұйымның бірқатар жеңістерге жетіп, "халифат" жариялағаннан кейінгі үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуімен" байланыстырады. ЦРУ соңғы болжамын биыл мамырдан тамызға дейінгі барлау деректеріне сүйеніп жасап отыр.

Бұған дейін "Ислам мемлекеті" ұйымы қатарында соғысушы адам саны 10 мыңға жуықтайды деген мәлімет тараған еді.

АҚШ президенті Барак Обама 10 қыркүйек күні терроризммен күрес стратегиясын жариялап, "Ислам мемлекеті" ұйымын жоюға уәде еткен.

"Ислам мемлекеті" ұйымы "Сирия мен Иракта мыңдаған адамды, әсіресе шииттер мен мұсылман еместерді өлтірді" деп айыпталады.

XS
SM
MD
LG