Accessibility links

Қырғыз депутаты ел атауын өзгертуді ұсынды


Қырғызстан парламентінің депутаты Феликс Кулов.

Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенештің депутаты Феликс Кулов мемлекет атауын Қырғыз елі немесе Қырғыз республикасы деп өзгертуді ұсынды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, парламент отырысында сөйлеген Кулов бұл мәселе бойынша референдум өткізуге шақырған.

"Ар-Намыс" фракциясының жетекшісі Феликс Кулов референдумда дауысқа салуға шақырған өзге ұсыныстардың арасында оқу жылын 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке ауыстыру, Жоғарғы сот президиумын құрып, парламент депутаттарының өкілеттігін тоқтату мәселесі де бар.

Кулов бұл мәселелердің қоғамда және парламентте бірнеше рет көтерілгенін айтады.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG