Accessibility links

АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салды


Ресейге салынған санкцияларға қарсылық. Мәскеу, 28 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейге салынған санкцияларға қарсылық. Мәскеу, 28 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ Ресейге қаржы, энергетика және қорғаныс салаларына қатысты жаңа санкциялар салды.

АҚШ қаржы министрлігі мәлімдемесіне қарағанда, бұдан ары ресейлік ірі банктердің облигация мен қаржы нарығына кірісуін шектеу шарасы да бар.

Бұған дейін Еуропа Одағы (ЕО) да Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейдің мұнай компанияларына, қорғаныс кәсіпорындарына, мемлекеттік банктеріне санкция салған еді.

ЕО санкциясы бойынша, ресейлік "Роснефть", "Транснефть", "Газпромнефть", "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы", "Уралвагонзавод" компаниялары мен "Оборонпром" холдингінің еуропалық нарыққа кіруіне, оның ішінде ұзақ мерзімдік несиелер алуына тыйым салынған. Компаниялардан өзге ресейлік 24 азаматқа виза беруге тыйым салынып, олардың қаржылық активтері бұғауланған.

Ресей президенті Владимир Путин "Батыстың санкциясы Украинаның шығысындағы бейбітшілік орнату әрекетін болдырмауға бағытталғанын" айтып, Мәскеудің қарымта жауап қайтарарын ескертті.

XS
SM
MD
LG