Accessibility links

АҚШ: Ресейге санкциялар әсер етті


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест "АҚШ пен ЕО жариялаған санкциялардың Украинаның шығысында бітім жариялауға әсері болды" дейді.

АҚШ әкімшілігінің бағалауынша, Ресей өткен аптада жасалған бітім шарттарын сақтап отыр. Джош Эрнест мұны санкциялардың қалай әсер еткеніне қатысты сұраққа жауап ретінде айтқан.

Оның пікірінше, "санкциялардың әсерінен Ресей Украина президент сайлауы қорытындысын мойындаған және жаңадан сайланған басшы Петр Порошенкомен байланыс жасап отыр". Ақ үй өкілі "егер Ресей Украина дағдарысын шешу жөніндегі талаптардың барлығын орындаса, АҚШ-тың санкцияларын алып тастауы мүмкін екенін" айтады.

"Біз Ресейдің атысты тоқтату туралы бітімді сақтап отырғанының алғашқы белгілерін байқадық. Мәселен Ресей Украина аумағынан біраз әскерін алып кетті" дейді Эрнест. Бірақ ол сөз аяғын "мұнымен қатар біз Ресейдің кез келген сәтте тайқып шыға келетінін де көріп отырмыз. Сондықтан, бітім шарттары сақталады деп аса қатты үміттенудің де керегі жоқ екенін ескертемін" деп бітірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG