Accessibility links

Филиппинде суға батқан паромнан ондаған адам құтқарылған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Филиппинде апатқа ұшыраған жолаушылар паромынан жүзге жуық адамның құтқарылған. Бұл туралы жағалаудағы күзет қызметі хабарлады.

Теңіздегі апат салдарынан кемінде екі адам опат болған. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кейбір мәліметтерде паром 84 адамды алып жүруге арналғаны айтылады, бірақ апатқа ұшыраған кезде онда нақты қанша адам болғаны белгісіз қалып отыр.

Сенбі күні батыс Лейте провинциясындағы Лилоан портынан шыққан жолаушылар паром теңіз дауылына тап болып суға батқан еді. Паромның апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығына қоса оның техникалық жағдайының нашарлығы мен қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталмауы да себеп болған деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG