Accessibility links

Пхеньян АҚШ азаматын алты жылға соттады


АҚШ азаматы Мэтью Миллер (ортада) Солтүстік Корея жоғарғы сотында өзіне қарсы процесте отыр.

АҚШ азаматы Мэтью Миллер (ортада) Солтүстік Корея жоғарғы сотында өзіне қарсы процесте отыр.

Солтүстік Корея билігі АҚШ азаматы Мэтью Миллерді алты жыл мерзімге еңбек лагеріне кескен. Бүгін Солтүстік Корея мемлекеттік телеграф агенттігі «елге турист кейпінде келген» Миллердің «дұшпандық іс-әрекеті» үшін айыпты деп танылғаны туралы ақпарат таратты.

Солтүстік Корея билігінің хабарлауынша, биыл сәуір айында Пхеньян әуежайына ұшып келген соң Миллер «туристік визасын жыртып тастап, өзіне саяси баспана сұраған».

Қазір Солтүстік Кореяда кемінде тағы екі АҚШ азаматы – 46 жастағы тегі корей діни миссионер Кеннет Бэй және 56 жастағы Джеффри Фоул қамауда отыр. Бэй «үкіметке қарсы астыртын сөз байласқан» деген айыппен 15 жылға еңбек лагеріне сотталған. Ал «дұшпандық іс-әрекет» айыбы тағылған Фоулдың ісі бойынша сот әлі өткен жоқ. Кейбір хабарларға қарағанда, ол Солтүстік Кореяда түнгі клубта Інжілді қалдырып кеткен соң қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG