Accessibility links

Мәскеуде "Дождь" телеарнасы өкілі соққыға жығылған


«Дождь» телеарнасы ғимаратындағы баспасөз мәслихатынан шыққан журналистер. Мәскеу, 4 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

«Дождь» телеарнасы ғимаратындағы баспасөз мәслихатынан шыққан журналистер. Мәскеу, 4 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеуде «Дождь» телеарнасының шеф-продюсері әрі жүргізушісі Ксения Батанованы белгісіз адамдар соққыға жығып кеткен. Бұл туралы жексенбі күні әріптестері хабарлады.

Өткен жұма, 12 қыркүйек күні кешкісін үйінің маңында жолыққан екі адам Батанованы басынан бірнеше рет ұрып, журналист есінен танып қалған соң сырғасы мен мобильдік телефонын алып кеткен. Миы шайқалып, бет сүйегі сынған Батанова қазір ауруханада жатыр. Ол шабуыл жасаған екеудің өзіне ештеңе деп тіл қатпағанын айтқан.

Мәскеудегі сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшесі әрі шешуші дауыс құқығына ие Ксения Батанова 14 қыркүйек күні өткен Мәскеу қалалық думасы сайлауы кезінде сайлау учаскесінде жұмыс істеуі тиіс еді.

Ресей медиа кеңістігінде 2010 жылдан жұмыс істеп жатқан «Дождь» жекеменшік телеарнасы бұл елдегі өзге телеарналардан тәуелсіз ұстанымымен ерекшеленді.

XS
SM
MD
LG