Accessibility links

Доллар бағамы алғаш рет 38 рубльден асты


Мәскеуде ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы көрсетілген табло.

Мәскеуде ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы көрсетілген табло.

Бүгін Мәскеу биржасы ашылған кездегі сауда нәтижесі бойынша, АҚШ долларының бағамы тарихта алғаш рет 38 рубльден асты.

Қазір доллар мұның алдында биржада сауда болған күн аяқталғанда белгіленген бағамнан 37 копейкаға қымбатқа сатылып жатыр.

12 қыркүйекте АҚШ пен Еуропа Одағы Украинадағы ахуалға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салған еді. Бұған қоса әлемдік базарда мұнай шикізатының бағасы да айтарлықтай арзандай бастады.

Батыс елдерінің жаңа санкциялары ресейлік мұнай және қорғаныс саласы компанияларына бағытталған. Сонымен бірге санкцияға ілінген ресейлік банктердің арасында Сбербанк те бар.

XS
SM
MD
LG