Accessibility links

Қазақстанда жарты миллионға жуық адам өте кедей


Көшеде қайыр сұрап отырған әйел адам. (Көрнекі сурет)

Көшеде қайыр сұрап отырған әйел адам. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі 2014 жылдың екінші тоқсанында 2,9 пайызды немесе 497,7 мың адамды құраған. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратында айтылған.

Комитет ақпараты бойынша, аталған категориядағы адамдар үлесі қаламен салыстырғанда ауылды жерде төрт есеге көбейіп, 384,1 мың адамды құраған.

Тұрғындар арасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейтіндер үлесі Оңтүстік Қазақстан (5,5 пайыз), Жамбыл (3,6 пайыз), Ақмола (3,5 пайыз) мен Атырау (3,5 пайыз) облыстарында басым екені тіркелген.

XS
SM
MD
LG