Accessibility links

Алина Кабаева депутаттық өкілетін тоқтатады


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Алина Кабаева. Кремль, Мәскеу, 4 қараша 2004 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Алина Кабаева. Кремль, Мәскеу, 4 қараша 2004 жыл.

Ресей мемлекеттік думасының регламент жөніндегі комитеті депутат Алина Кабаеваның өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы берген өтінішін қанағаттандырған жөн деген шешім қабылдады. Бұл мәселе парламентте ертең қаралуы мүмкін.

Көркем гимнастикадан 2004 жылғы Олимпиадалық ойындар чемпионы, биліктегі «Единая Россия» партиясынан Ресей мемлекеттік думасына сайланған Алина Кабаева «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы өтініш жазған.

Алина Кабаеваға қатысты Ресей қоғамында әртүрлі сыбыстар тараған. Мәселен, оны Ресей президенті Владимир Путинмен жақын қарым-қатынаста деген қауесетті Путиннің өзі көпшілік алдында жоққа шығарған еді. Ал бұл туралы жазған «Московский корреспондент» газеті кейін жабылып қалған.

XS
SM
MD
LG