Accessibility links

Донбасс мәртебесі туралы заң жобасы парламентке түсті


Украина Жоғарғы Радасы.
Украина Жоғарғы Радасы.

Украина президенті Петр Порошенко Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарында үш жылға ерекше өзін өзі басқару режимін енгізу туралы заң жобасын Жоғарғы Радаға енгізді.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, заң жобасында Киевтің «Донбасс аумағындағы оқиғаларға қатысушыларды» қудаламайтыны, сондай-ақ, «қоғамдық және жеке өмірде» орыс тілінің қолданылуына кепілдік беретіні айтылған. Заң жобасында биыл 9 қарашада кезектен тыс жергілікті сайлау өткізу қарастырылған.

Жобаға сәйкес, прокуратура мен сот жетекшілерін тағайындаудың ерекше тәртібі енгізіледі және оларды тағайындауға жергілікті өзін өзі басқару органдары да қатыса алады.

Құжатта Донбасстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аймаққа қолдау көрсету туралы да айтылған. Жекелеген аудандарды қалпына келтіруді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көзделген.

XS
SM
MD
LG