Accessibility links

АҚШ "Ислам мемлекетіне" қарсы шараны бастады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ әскери-әуе күштері дүйсенбі күні Бағдадтан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан аудандарға бекінген «Ислам мемлекеті» террорлық тобына соққы берді. Бұл туралы Шығыс Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтарындағы АҚШ әскери күшін басқаратын орталық хабарлады.

Ресми мәлімдемеде бұл жолғы әуе соққысы өткен аптада АҚШ президенті Барак Обама жария еткен «Ислам мемлекеті» қарулы тобына қарсы күрес жоспарын жүзеге асырудағы алғашқы қадам екендігі айтылған.

«Ислам мемлекеті» тобына қарсы АҚШ-тың жаңа стратегиясы Ирак пен Сирияда қарулы террористердің позицияларына әуеден кең көлемді соққы беру, Ирак армиясы мен Сирия оппозициясына көмекті ұлғайту, сонымен қатар террористерді жоюды мақсат ететін халықаралық коалиция құруды көздейді.

XS
SM
MD
LG