Accessibility links

Жерорта теңізінде жүздеген адам жоғалды


Балық аулауға арналған қайыққа мінген мигранттар. (Көрнекі сурет)
Балық аулауға арналған қайыққа мінген мигранттар. (Көрнекі сурет)

Жерорта теңізінде 500-ге жуық адам мінген қайық суға батып кеткенге саналып отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) хабарлады.

Египеттің Думьят портынан шыққан қайық арада бірнеше күн өткенде ашық теңізде суға батып кеткен. Соңғы деректер бойынша, қайықта болған жүздеген адамнан тірі қалған тоғызы табылған. Олардың жетеуі ес-түссіз күйде ұшақпен Грекияның Крит аралындағы ауруханаға жеткізілген.

Аман қалғандардың екеуі Мальта жағалауына жақын қалғанда екі қайық шабуылдап, заңсыз мигранттар мінген қайықты суға батырғандарын ХКҚҰ өкілдеріне айтып берген. Олардың сөзінше, Африкадан шыққан қайықта Палестина, Сирия, Египет және Судан азаматтары болған.

ХКҚҰ-ның мәлімдеуінше, Африкадан Еуропаға теңіз арқылы заңсыз өтпек болған мигранттар отырған қайыққа заңсыз адам саудасымен айналысатындар шабуыл жасаған болуы ықтимал.

БҰҰ деректері бойынша, жыл басынан бері Еуропаға 130 мыңнан аса заңсыз мигрант теңіз арқылы жетке. Былтырғы жылы осындай жолмен 80 мыңға жуық адам барған.

XS
SM
MD
LG