Accessibility links

Кабулда НАТО-ның үш сарбазы қаза тапты


Жанкешті шабуылы болған жерде тұрған әскерилер. Кабул, Ауғанстан, 16 қыркүйек 2014 жыл.

Жанкешті шабуылы болған жерде тұрған әскерилер. Кабул, Ауғанстан, 16 қыркүйек 2014 жыл.

Ауғанстан астанасында бүгін таңертең НАТО күштері автоколоннасына жасалған шабуыл салдарынан шетелдік үш сарбаз қаза тауып, бесеуі жараланған. Бұл туралы Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштері басшылығына сілтеме жасап батыс агенттіктері хабарлады. Қаза тапқан сарбаздардың қай елдің азаматтары екендігі айтылмайды. Биліктің мәліметі бойынша, жергіліктілерден 13 кісі зардап шеккен.

Әуежайға баратын жолмен жүріп келе жатқан әскери автоколоннаға АҚШ елшілігіне таяу жерде мина орнатылған көлік мінген жанкешті шабуыл жасап, өзін өзі жарып жіберген. Талибан бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын Twitter арқылы мәлімдеді.

Ауғанстанда президент сайлауынан соң пайда болған саяси дағдарыс елдегі ахуалдың шиеленісуіне алып келді. Шетелдік әскерилердің басым көпшілігі биылғы жылдың соңына дейін Ауғанстаннан шығады деп жоспарланған.

14 маусым күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінде берілген дауыс нәтижелері бойынша Ашраф Гани жеңіске жеткен. Бірақ оның бәсекелесі Абдулла Абдулла сайлау бұрмаланды деп, оның нәтижесін мойындаудан бас тартқан. Ашраф Ганидің өкілі Азаттықтың Ауған қызметіне бүгін екі кандидат билікті бөлісу туралы келісімге қол қоюы мүмкн деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG