Accessibility links

Еуро бағамы 50 рубльден асты


Валюта бағамы туралы жазудың жанынан өтіп бара жатқан қарт адам. Мәскеу, 16 қыркүйек 2014 жыл.
Валюта бағамы туралы жазудың жанынан өтіп бара жатқан қарт адам. Мәскеу, 16 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін таңертең Мәскеу қор биржасындағы сауда нәтижесінде еуро бағамы биылғы сәуір айынан бері алғаш рет 50 рубльден асты.

Бұдан бір күн бұрын тарихта алғаш рет 38 рубльден асқан АҚШ долларының бағамы бүгін одан ары қымбаттады.

Талдаушылар рубльдің әлсіреуін соңғы апталарда тұрақты түрде арзандап бара жатқан мұнай бағасымен байланыстырады. Бұған қоса, АҚШ пен Еуропа Одағы Украинадағы ахуалға байланысты Ресейге салған жаңа санкциялар да рубль бағамына кері әсер етеді.

Сонымен бірге тамыз айынан бастап Ресей орталық банкінің валюталық интервенцияны тоқтатуы да рубльдің әлсіреуіне себеп болған факторлардың бірі ретінде аталып отыр. Ресми ақпаратта валюталық интервенцияны тоқтату соңғы айлардағы Ресейдің халықаралық резервтерінің қысқаруымен байланысты деп айтылған. Бірақ кейбір сарапшылар рубль бағамын төмен етіп ұстау мұнай бағасының арзандауына байланысты қиындыққа кезіккен экспортерлерді қолдау мақсатымен жасалып отырған шара болуы мүмкін деген пікір білдіреді.

XS
SM
MD
LG