Accessibility links

БҰҰ комиссиясы Сирия билігін айыптады


Үкімет күштерінің әуе соққысынан зардап шеккен қыздар. Дамаск маңы, Сирия, 14 қыркүйек 2014 жыл.
Үкімет күштерінің әуе соққысынан зардап шеккен қыздар. Дамаск маңы, Сирия, 14 қыркүйек 2014 жыл.

Сириядағы адам құқықтарының бұзылуын зерттеген БҰҰ комиссиясының басшысы Паулу Сержиу Пинейру президент Башар Асад үкіметінің зұлымдықтары көлемі жағынан «Ислам мемлекеті» содырлары жасаған қылмыстардан да асып түседі деп мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні Женевада БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясында сөйлеген Пинейру Сириядағы жанжал құрбандарының көпшілігі үшін биліктегі режим жауапты екенін айтқан. «Күнделікті атыс-шабыс, бомбалау мен жауап алу-тергеу барысында бейбіт тұрғындар қаза тауып, мертігіп жатыр» деді ол.

БҰҰ-ның Сирия бойынша комиссиясының басшысы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен үкіметке қарсы қарулы құрылымдардың мүшелері жасаған қылмыстар туралы да баяндап, оларды «ажал мен бүліншілік агенттері» деп атаған.

Сонымен бірге Пинейру әлемдік державалар исламшыл содырларға қарсы әскери операция кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау туралы соғыс заңын құрметтеуі тиіс деп мәлімдеген.

БҰҰ деректері бойынша, 2011 жылдың наурыз айынан бері Сириядағы жанжалдан 190 мыңнан аса адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG