Accessibility links

АҚШ ғарыш кемесін жеке меншік фирмалар жасайды


Falcon-9 зымыраны Канаверал ғарыш айлағындағы ұшыру алаңында тұр. Флорида штаты, АҚШ, 28 қараша 2013 жыл.

Falcon-9 зымыраны Канаверал ғарыш айлағындағы ұшыру алаңында тұр. Флорида штаты, АҚШ, 28 қараша 2013 жыл.

Америкалық екі жеке меншік компания – Boeing и SpaceX 2017 жылға дейін халықаралық ғарыш станциясына ұшатын ғарыш кемесін жасап шығару туралы АҚШ-тың ғарышты зерттеу және аэронавтика жөніндегі агенттігімен (НАСА) келісім-шартқа отырды. Келісім-шарт құны – 6.8 миллиард доллар.

НАСА Шаттл бағдарламасын біржолата жапқан 2011 жылдан бері астронавтарын халықаралық ғарыш станциясына жеткізу үшін ресейлік ғарыш кемелерінің қызметін пайдаланып келеді. Бір адамды ғарыш станциясына жеткізу НАСА-ға 70 миллионнан аса долларға түседі. Осы уақытқа дейін ресейлік ғарыш көлігінің қызметін пайдаланғаны үшін НАСА миллиард доллар төлеген.

«Ұлы держава өзінің ғарыш зерттеулерін жүргізу үшін басқа елдерге тәуелді болмауы тиіс» деп мәлімдеген НАСА басшысы Чарльз Болден.

2012 жылдан бастап SpaceX компаниясы өзі жасайтын Falcon 9 зымыранымен халықаралық ғарыш станциясына Draco (Айдаһар) модулі сияқты кейбір жүктерді жеткізе бастады. Астронавтарды тасымалдауға арналған Draco-2 модулін жетілдіріп, соңғы үлгідегі қауіпсіздік жүйесімен жарақтандыру көзделіп отыр.

SpaceX компаниясының Draco-2 модулі де, сол сияқты Boeing жасап жатқан CST-100 модулі де ғарышқа жеті адамға дейін алып ұшуға арналған.

XS
SM
MD
LG