Accessibility links

Астана Лондон мен Ослодағы елшілерді өзгертті


Ержан Қазыхановтың Қазақстан сыртқы істер министрі кезіндегі суреті. Астана, 15 қараша 2011 жыл.
Ержан Қазыхановтың Қазақстан сыртқы істер министрі кезіндегі суреті. Астана, 15 қараша 2011 жыл.

Қазақстан президенті Ұлыбритания мен Норвегиядағы Қазақстан елшісі қызметтеріне жаңа тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Президент жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ол 2011 жылдың сәуірінен 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан сыртқы істер министрі болып істеген.

Бұған дейін Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі, сондай-ақ Ирландия мен Исландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарған Қайрат Қуатұлы Әбусейітов енді Қазақстанның Норвегия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG