Accessibility links

Донецкіде қақтығыстар жалғасып жатыр


Донецк әуежайы маңындағы өртеніп, бүлінген ғимарат жанында жүрген адам. 17 қыркүйек 2014 жыл.
Донецк әуежайы маңындағы өртеніп, бүлінген ғимарат жанында жүрген адам. 17 қыркүйек 2014 жыл.

Донецкіде әуежайды атқылау жалғасып жатыр. Қалалық кеңес сайтының хабарлауынша, сәрсенбіге қараған түні Донецкіде айтарлықтай оқиға болмаған. Қаланың кейбір аудандарында автоматтың дауысы естілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өткен тәулікте Донбасста украиналық әскерилердің позицияларын атқылау саябырсыды. Украинаның шығысындағы террорға қарсы арнайы операция баспасөз орталығының мәлімдеуінше, сепаратистер Донецк облысындағы Орловка, Үлкен Крынка және Курахово елдімекендерін атқылаған. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер бар екендігі айтылғанымен, олардың нақты саны туралы дерек жоқ.

Луганскіде қарулы адамдар Украина ұлттық университетін басып алып, проректорды тұтқындаған. Ректор Виталий Курилоның айтуынша, белгісіз адамдар университет кабинеттері мен мүліктерін бөліске салып, өздерін өздері түрлі қызметке тағайындап, оқытушыларды тұтқындауға кіріскен.

XS
SM
MD
LG