Accessibility links

Косовода 15 имам тұтқындалған


Приштина мешітінің имамы Шефкет Красничи.

Приштина мешітінің имамы Шефкет Красничи.

Косовода «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен «Әл-Қаиданың» Сириядағы бөлімшесі «Әл-Нусра майданы» ұйымына албан жастарының жалдануына тосқауыл қоюды көздейтін арнайы операция аясында ықпалды 15 мұсылман дінбасы қамауға алынған.

Косово билігі Азаттық радиосына ұсталғандар арасында Приштинадағы ең үлкен мешіттің имамы Шефкет Красничи мен Митровица, Печ және басқа қалалардағы мешіттердің имамдары бар екендігін айтты. Сонымен бірге, «Ислам бірлігі» қозғалысының жетекшісі Фауд Рамичи да тұтқындалған. Қатаң бағыт ұстанатын бұл қозғалыс саяси партия болып қайта құрылған еді.

Ұсталған адамдарға Косовоның "конституциялық тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер төндірген" деген айыптар тағылған.

Бұған дейін тамыз айында Косовода радикалдық исламшыл топтар қатарына жас азаматтарды тартпақ болған деген күдікпен 40 адам тұтқындалған еді.

XS
SM
MD
LG