Accessibility links

Обама: АҚШ әскері Иракта ұрыстарға қатыспайды


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Иракта жердегі ұрыстарға америкалық әскер қатыспайды деп мәлімдеді.

17 қыркүйекте Флоридадағы АҚШ армиясы орталық басшылығының штаб-пәтерінде әскерилер алдында сөйлеген Обама Иракта орналасқан америкалық сарбаздар ол елдегі соғыс қимылдарына қатыспайды деп мәлімдеген.

Сонымен бірге Обама 40-тан аса мемлекет «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы коалиция құруға жәрдемдерін ұсынып отырғанын айтқан.

Бұған дейін АҚШ армиясы штаб басшыларының біріккен комитетінің жетекшісі генерал Мартин Демпси «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресте Ирак қарулы күштеріне кейбір АҚШ кеңесшілерін қосу туралы ұсыныс айтқан еді. Бұған жауап ретінде Ирактың жаңадан тағайындалған премьер-министрі Хайдар әл-Абади жердегі әскери операцияларға шетелдік мамандарды тартуға қажеттілік жоқ деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG