Accessibility links

Қостанай өңірінде ондаған адам астан уланған


Мектеп асханасында ас ішіп отырған оқушы балалар. (Көрнекі сурет)
Мектеп асханасында ас ішіп отырған оқушы балалар. (Көрнекі сурет)

Қостанай облысындағы ауыл мектебінде адамдардың астан уланып қалуына байланысты, қылмыстық кодекстің «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже талаптарын бұзу» деп аталатын 267-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы хабарлаған.

16 қыркүйек күні Ұзынкөл ауылындағы мектептен ас ішкен соң өздерін жайсыз сезінгендеріне шағым айтып 53 адам жергілікті аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Олардың 47-сі – балалар. Дәрігерлер тексергеннен соң зардап шеккендердің 19-ын үйлеріне қайтарған. 34 адамға «астан уланған» деген диагноз қойылған, қазір 13 адам ауруханада жатыр деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Олар ас ішкен мектеп асханасындағы тағам түрлері мен су құрамын дәрігерлер тексеруге алған, оның қорытындысы 3-4 күнде белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG