Accessibility links

Шотландияда тәуелсіздік жайлы референдум өтеді


Шотландияда - референдум
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

ВИДЕО: 18 қыркүйекте Шотландия халқы Ұлыбритания біріккен корольдігі құрамынан шығу мәселесін дауысқа салады.

18 қыркүйекте Шотландияда Ұлыбритания біріккен корольдігі құрамынан шығу мәселесіне қатысты референдум өтеді. Онда тұрғындар «Шотландия тәуелсіз ел болуы тиіс деп санайсыз ба?» деген жалғыз сауалға жауап береді. Референдум қарсаңында қоғамдық пікірді анықтау мақсатымен өткізілген сауалнама нәтижесі тәуелсіздік алуды жақтайтындар мен біріккен корольдік құрамында қалуды қолдайтындар саны тепе-тең екендігін көрсеткен. Соңғы сауалнама көрсеткендей, тұрғындардың 52 пайызы Шотландияның Ұлыбритания құрамында қалғанын құптаса, 48 пайызы тәуелсіздікті жақтайтындарын білдірген.

Шотландияның бірінші министрі әрі сепаратистік Шотландия ұлттық партиясының жетекшісі Алекс Салмонд бұл референдумды «осы буын өмірінде бір-ақ рет болатын ұлы мүмкіндік» деп атаған. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Шотландия 307 жыл құрамында болған одақтан шығатын болса кейін қайтадан Ұлыбританияға қосыла алмайтынын ескерткен.

Шотландияның дауыс беруге құқығы бар 4 миллион 400 мың халқының 97 пайызы сайлаушы ретінде тіркелген. Референдум нәтижесі 19 қыркүйек күні белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG