Accessibility links

Конгресс Сирия оппозициясына көмек беруді мақұлдады


АҚШ Конгресі ғимараты - Капитолийдің күмбезі.

АҚШ Конгресі ғимараты - Капитолийдің күмбезі.

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы сәрсенбі күні алты сағатқа жалғасқан талқылаудан кейін, Ақ үйдің Сирия оппозициясына қару-жарақ беру туралы жоспарына қаржы бөлуді қарастыратын шешім қабылдады. Пікірталас кезінде президент Барак Обаманың саяси қарсыластары оның стратегиясының жемісті болатындығына күмән келтірді. Конгрестің 273 мүшесі қолдау танытқан қарарға 156 адам қарсы дауыс берді.

АҚШ президенті өткен аптада жариялаған Сирия мен Ирак территорияларында белсенді іс-қимыл жасап жүрген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрес стратегиясында Сирия оппозициясына көмек беру туралы айтылған. Президент Обаманың жоспары бойынша, АҚШ әскери күштері экстремистерге әуеден соққы береді, ал жердегі операцияны Ирак армиясы, күрдтердің қарулы жасағы мен Сирия оппозициясы жүргізеді. «Ислам мемлекеті» тобына қарсы операцияларға Сирия үкіметінің әскерін қатыстыру жоспарда қарастырылмаған. «Сирия президенті Башар Асадтың режимі заңдылығынан айырылғандықтан оған сенім артуға болмайды» деген АҚШ президенті.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасы мақұлдаған шешімді енді сенат қарауы тиіс. Бұл мәселені сенат бейсенбі күні талқылап, дауысқа салмақ.

XS
SM
MD
LG