Accessibility links

Австралиядағы шара барысында 15 адам тұтқындалған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бейсенбі күні Австралия полициясы елдің бірқатар қалаларында террорға қарсы операция жүргізіп, 15 адамды тұтқындады. Бұл шараға құқық органдарынан 800-ден аса адам қатысқан.

Федералдық полиция өкілдерінің хабарлауынша, барлау органдары террорлық шабуылдар дайындалып жатқаны туралы ақпарат алған соң елде бұрын-соңды болмаған ауқымды операция жоспарланып, өткізілген. Операцияның бүге-шігесі және кімдердің ұсталғаны туралы айтылған жоқ.

Бұл операция Австралияда соңғы онжылдық көлемінде алғаш рет террорлық қауіп-қатер деңгейі орта деңгейден жоғары деңгейге көтерілгеннен соң бірнеше күн өткенде жүргізіліп отыр. Шара «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мен «Әл-Қаиданың» Сириядағы бөлімшесі «Әл-Нусра майданы» ұйымына қосылған австралиялық азаматтар ол жақтан елге қайтып келіп жатыр ма деген қауіппен байланысты болуы мүмкін.

Бүгінгі операцияның биыл қараша айында Австралияда өтетін «Үлкен жиырмалық» елдері саммитіне дайындыққа қатысы жоқ деп мәлімдеген полиция өкілі, қазіргі кезде саммитке байланысты қандай да бір қауіп-қатер туралы мәлімет жоғын айтқан.

XS
SM
MD
LG