Accessibility links

Астана Украинаға "әскер баратынын" жоққа шығарды


Қазақстан қорғаныс министрілігі ғимараты.

Қазақстан қорғаныс министрілігі ғимараты.

Қазақстан қорғаныс министрілігі қазақстандық әскерилердің Украинаға баруға дайындалып жатқаны жайлы тараған хабарды жоққа шығарды. Бұл туралы министрлік бүгін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлама жариялаған.

Онда Facebook әлеуметтік желісінің кейбір қолданушылары Қазақстан қарулы күштері жекелеген бөлімдерінің әскери қызметшілерін Украина аумағына жіберуге дайындап жатқаны туралы таратқан ақпараттың шындыққа сай келмейтіндігі айтылған.

«Бүгінгі халықаралық жағдайда мұндай өсек-аяң тарату арандату болып саналады. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратушылар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің талаптарына сай жауапкершілікке тартылатындығын атап көрсетеміз» делінген министрлік хабаралмасында.

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі мен оның орынбасары Украинаның шығысындағы үкімет күштері мен сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыстарға Қазақстан азаматтарының қатысып жатпағаны туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG