Accessibility links

АҚШ-та әйелге өлім жазасы орындалды


Өлім жазасына кесілген адам осындай төсекке танылып, ағзасына арнайы сұйық зат жіберіледі.

Өлім жазасына кесілген адам осындай төсекке танылып, ағзасына арнайы сұйық зат жіберіледі.

Сәрсенбі күні Техас штатында тоғыз жасар баланы аштан өлтірген деген айыппен сотталған 38 жастағы Лиза Коулманға соттың шығарған өлім жазасы оның ағзасына арнайы сұйық зат енгізу арқылы орындалды.

Үкім орындалатын күні АҚШ Жоғарғы соты Коулманның жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған еді.

2004 жылы шілде айында полицейлер Коулманның үйінен оның құрбысының тоғыз жасар ұлының жансыз денесін тауып алған еді. Дәрігерлер жан тапсырар алдында салмағы небары 17 килограмм болған баланың ажалына аштық пен өкпе қабынуы себеп болған деген тұжырым жасаған. Баланың денесінен 250-ден аса жарақат, соның арасында сигарет шоғын басып азаптау іздері табылған.

Коулман – биыл жыл басынан бері Техаста адам өлтірген қылмыстары үшін сот үкімімен өлім жазасы орындалған 9 адамның арасындағы екінші әйел.

Әлемде дамыған елдер арасында АҚШ пен Жапония ғана ауыр қылмыс жасағандарға өлім жазаларын қолдануды жалғастырып келеді.

XS
SM
MD
LG