Accessibility links

«ВКонтакте» бас директоры тағайындалды


«ВКонтакте» әлеуметтік желісінің белігісі.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінің белігісі.

Ресейдің мемлекеттік телерадиокорпорациясының (ВГТРК) басшысы Олег Добродеевтің ұлы, Mail.ru Group директорлар кеңесінің мүшесі Борис Добродеев Ресейдегі ең танымал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің бас директоры болып тағайындалды.

Ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуров биыл сәуір айында компаниядан кеткеннен бері бас директор міндетін атқарып келген еді.

Компания баспасөз-қызметінің хабарлауынша, Добродеев «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің стратегиясын қалыптастыруға, қаржы және коммерциялық қызметіне жетекшілік жасайтын болады.

Осы аптада ресейлік бизнесмен Әлішер Усмановтың бақылауындағы Mail.ru Group интернет-холдингі «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің дара меншік иесіне айналғаны хабарланған болатын.

XS
SM
MD
LG