Accessibility links

Шардаралықтар азаптау туралы Астанаға шағынды


Шардаралық шағымданушылар "Нұр-Отан" партиясының кеңсесі алдында тұр. Астана, 19 қыркүйек 2014 жыл

Шардаралық шағымданушылар "Нұр-Отан" партиясының кеңсесі алдында тұр. Астана, 19 қыркүйек 2014 жыл

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара қаласының төрт тұрғыны бірқатар қоғамдық белсенділердің көмегімен 19 қыркүйекте Астанада қылмыстық іс бойынша ұсталған туыстарының азапталуы туралы шағымдарын жариялап, брифинг өткізді. Дәл осы әйелдер биыл тамызда өзге де наразы тұрғындармен бірге Шардара жолдарының бірін жапқан еді.

Азаптау шағымы бойынша келген азаматшаларды бүгін президенттік "Нұр Отан" партиясының бас кеңсесінде орталық аппарат жетекшісі Мәди Оспанов қабылдады. Журналистерді бұл кездесуге кіргізбеді.

Былтырғы желтоқсанда жергілікті банк бөлімшесінен 60 миллион теңге жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ретінде банк күзетшілері мен бөлім бастығы ұсталып, олардың айыптарды "мойындағаны" туралы хабарланған.

Туыстары қамаудағылардың кінәсі жоқ деп санайды, және оларды тергеу кезінде азаптау тәсілдері қолданылды деп сенеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл шағымдардың негізінде күдікті полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG