Accessibility links

Украинаға Ресей конвойы кіргені хабарланды


Ресейдің үшінші "гуманитарлық конвойы" Украина шекарасы маңында тұр. 19 қыркүйек 2014 жыл.
Ресейдің үшінші "гуманитарлық конвойы" Украина шекарасы маңында тұр. 19 қыркүйек 2014 жыл.

20 қыркүйек күні ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігі "Ресейдің 200 көліктен тұратын колоннасы Украина шекарасынан өтіп, алды Донецк қаласына жеткенін" хабарлады. Донецк қаласында ресейшіл сепаратистер шоғырланған.

Бұл туралы ресейлік "РИА Новости" ақпарат агенттігі де хабарлады. Олардың ақпаратына қарағанда, "Бұл - Украинаға кіргізіліп отырған Ресейдің үшінші гуманитарлық көмегі. Конвой азық-түлік, генераторлар, дәрі-дәрмек, ауызсу апарады".

Ресейлік БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, "Ресей тарапы Украина билігі мен халықаралық Қызыл Крест ұйымы өкілдеріне жүкті тексеріп, қабылдап алуға бірнеше рет өтініш айтқан. Бірақ олар себепсіз бас тартқан".

Ресейдің алғашқы гуманитарлық конвойы Украина аумағына тамыз айының аяғында кіргізілген еді. Украина билігі "Ресей көліктеріне шекарадан өтуге рұқсат бермегендерін" айтып, конвой қозғалысын "басып кіру" деп атаған. Екінші конвой Украинаға 13 қыркүйек кіргізілді.

XS
SM
MD
LG