Accessibility links

Ауған сайлауының нәтижесі бүгін шығады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай (ортада), сайлауға түскен Абдулла Абдулла (оң жақта) мен Ашраф Ғани. Кабул, 19 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстан президенті Хамид Карзай (ортада), сайлауға түскен Абдулла Абдулла (оң жақта) мен Ашраф Ғани. Кабул, 19 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанда сәуірде өткен даулы президент сайлауының нәтижесі жарты жылдан астам уақыттан кейін - 21 қыркүйек күні шығатын болды.

20 қыркүйек күні Ауғанстанның сайлау комиссиясы баспасөз хатшысы Нұр Мұхаммад "соңғы нәтиже 21 қыркүйек күні жарияланады" деп мәлімдеді.

Ауғанстан президент сайлауына түскен екі кандидат - Ашраф Ғани мен Абдулла Абдулла билікті бөлісу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұл сайлаудың нәтижесі 14 маусым күні бір рет жарияланған болатын. Ол жолы Ашраф Ғанидің жеңгені айтылған. Бірақ Абдулла Абдулла "сайлау нәтижесі бұрмаланды, негізі мен жеңдім" деген дау шығарып, сайлау бюллетеньдері қайта саналатын болған. БҰҰ бақылауымен жақында дауыстар қайта саналып біткен еді.

XS
SM
MD
LG