Accessibility links

Ресей конвойы Украинадан қайтып жатыр


Украина шекарасы маңында тұрған Ресейдің үшінші "гуманитарлық конвойы". Ростов облысы, 18 қыркүйек 2014 жыл.

Украина шекарасы маңында тұрған Ресейдің үшінші "гуманитарлық конвойы". Ростов облысы, 18 қыркүйек 2014 жыл.

Донецкіге Ресейден гуманитарлық жүк жеткізген 70-ке жуық автокөлік Ресейге қайтып оралды деп хабарлады ресейлік Новости агенттігі. Ресей баспасөз құралдарының хабарлауынша, бұл жолғы үшінші «гуманитарлық конвой» құрамында жалпы салмағы екі мың тоннаға жуық жүк артқан екі жүзге жуық «КАМАЗ» көліктері болған. Ресей тарапының айтуынша, жүк тиелген көліктердің барлығы жұма күні «Матвеев Курган» өткізу бекетінде кедендік тексеруден өткен соң сенбі күні таңтертең Донецкіге жеткен.

Бұған дейін сенбіде Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Владимир Полевой кеңестегілер Украина аумағына Ресейден нақты қандай жүк кіргізілгендігін білмейтінін мәлімдеген.

Ресей агенттіктерінің ақпараты бойынша, гуманитарлық жүкті қарап-тексеру үшін Украина кеден қызметі мен Қызыл Крест ұйымының өкілдері бірнеше рет шақырылған, бірақ олар жүкті қараудан бас тартып, оның себебін түсіндірмеген.

Ресей осыдан бір апта бұрын Украинаға екінші мәрте «гуманитарлық конвой» жіберген еді. Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі оның да ел аумағына «заңсыз кіргені» туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG