Accessibility links

Астанада Назарбаев Миннихановпен кездесті


Ақорда. (Көрнекі сурет)

Ақорда. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Татарстан республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы сенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салаларындағы негізгі мәселелері талқыланған. Сонымен бірге қос президенті өзге де бірқатар салаларда өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеует барын атап өткен.

Сенбі күні Татарстан президенті Рустам Минниханов Астанада өтіп жатқан Сабантой татар мен башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі – сабантойға қатысқан.

XS
SM
MD
LG