Accessibility links

Инчхон-2014: Зүлфия Чиншанло - күміс жүлдегер


Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XXVII жазғы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло күміс медаль иеленді. Ол жұлқа және серпе көтеру жаттығуы бойынша жиынтығы 228 килограмды көтерді.

Алтын алқаны 233 килограмды көтерген Тайпей спортшысы Шу Чин Хсу иеленді. Қола жүлдені қытайлық Ванксонг Чжанг еншіледі. Қытай атлеті де 228 килограмды көтерген. Бірақ оның салмағы Чиншанлодан ауыр болғандықтан ережеге сай ол қола медаль алды.

Зүлфия Чиншанло 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алтын, Шу Чин Хсу күміс медаль алған еді. Чиншанло 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да күміс медаль иеленген болатын.

Биылғы Инчхондағы жарыста стенд атудан қазақстандық Андрей Могилевский трап бағдарламасы бойынша Азиаданың қола жүлдесін иеленді.

Қазақстанда әзірше екі алтын, бір күміс, төрт қола медаль бар. Жарыстың бірінші күні дзюдодан Елдос Сметов пен ауыр атлет Маргарита Елисеева чемпион атанған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG